Құрлық додасына 21 мемлекеттен 170 спортшы қатысқан болатын. Қазақстан командасы 13 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 1 алтын, 3 күміс және 9 қола медаль бар, деп хабарлайды Olympic.kz.
Азия чемпионатындағы жалпыкомандалық есепте Қазақстан үшінші орын иеленді. Бірінші орында Жапония, екінші орынды Оңтүстік Корея құрамалары иеленген.
Жастар арасындағы Азия біріншілігінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері: Алтын: Мөлдір Нарынова (70 келі)
Күміс: Ғалия Тынбаева (48 келі), Ақжол Қайыпхан (52 келі), Меруерт Сәрсенова (57 келі)
Қола: Ақмарал Науатбек (48 келі), Саера Мырзахметова (63 келі), Маргарита Гриценко (-78 келі), Дамир Болатбеков (60 келі), Ермек Амангелді (66 келі), Айбар Мукашев (73 келі), Нұрбек Ортай (81 келі), Бекарыс Сәдуақас (-100 келі), Бибарыс Әбдіғани (+100 келі).