Бұл күндері Орынбор қаласында дзюдодан Еуропа ашық кубогі өтіп жатыр. Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан құрамасы екі алтын, екі күміс және бір қола жүлде жеңіп алды.
Ерлер арасында 60 келіде Бақыт Әбдусамат пен 73 келіде Асқар Нарқұлов жеңімпаз атанды. Әйелдер арасында 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Әбиба Әбужақынова мен 66 келіде Тоқтар Үмітәлиев күміске ие болды. 66 келіде белдескен отандасымыз Сұңғат Жұбатқан ел қоржынын қола жүлдемен толықтырды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу