Отандық энергетиктер мардымсыз жалақыға жұмыс істейді

809

Қазақстан энергетиктері салалық кәсіподағының төрағасы Оразбек Бекбас энергетиктердің жалақысы 20 жылдан бері өспегенін айтып, дабыл қақты. 

Отандық энергетиктер мардымсыз жалақыға жұмыс істейді Фото: inbusiness.kz

Ол жылу-электр энергиясын өндіретін және тарататын кәсіпорындардағы әлеуметтік тұрақтылыққа қауіп төніп тұрғанын мәлімдеді деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"2020 жылдың төртінші тоқсанында елдегі орташа еңбекақы көлемі 233 136 теңгені құрағанда, энергетиктердің жалақысы негізгі көрсеткіштен 
6,86% төмен болды", – деді Оразбек Бекбас.

Оның ойынша, бұлай жалғаса берсе білікті мамандар өзге елге қызмет іздеп кетеді. 

"Мысалы, "Атырау-Жарық" АҚ-дағы 1 311 жұмысшының 98-і жұмыстан өз еркімен кеткен. Қостанай жылу-энергетикалық компаниясындағы 753 адамның 256-сы басқа жұмысқа ауысқан. "СевКазЭнерго" кәсіпорнындағы 1150 жұмысшының 191-і Ресейде жұмыс істеп жүр", – деді кәсіподақ төрағасы. 

Оразбек Бекбастың пікірінше, көрші елдерде энергетиктерге құрметпен қарайды. 

"Ресейдегі энергетиктердің жалақысы елдегі орташа айлық көрсеткіштен 
21%-ға жоғары. Беларусь Республикасында бұл көрсеткіш 28%, Қырғызстанда 44%-ды құрайды", – деді ол 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу