Елімізге бірнеше күн бұрын Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымының сарапшылары келді. Алдағы аптада олар біздің ветеринарлық қызметтің жұмысын бағалап, өңірлерді аралайды, әрі шаруа қожалықтарына да бармақ. Астанамызға келген қонақтармен жеке кездесіп, елдегі ветеринария жүйесіндегі реформа, сондай-ақ малдың қауіпті вирустарының алдын алу және жою шаралары егжей-тегжейлі талқыланды. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Facebook-те жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Шетелдік сарапшылар ветеринарлық зертханалардың бірін, Ұлттық референттік орталық пен эпизоотияға қарсы отряд жұмысымен танысып, тексеріп үлгерді. Айтпақшы, олар жабдықтаудың жеткілікті деңгейін және қызметкерлердің жоғары кәсібилігін атап өтті. Жалпы, Республикалық эпизоотияға қарсы жасақ жұмысына оң баға беріп отыр", - деп жазды министр.
Сонымен қатар, оның айтуынша халықаралық ұйымның келуі біз үшін маңызы зор. Жетекші мамандардан құнды ұсыныстар аламыз, тәжірибе алмасамыз, ең бастысы ветеринария саласы бойынша еліміздің тиісті, Оң мәртебесін алу үшін әрекетіміз бұл. Осы тексеріс нәтижесінде біздің шаруаларға өз өнімдерін экспорттауға мүмкіндік беретін және елдегі мал шаруашылығының дамуына ықпал етеді. Ет бағытындағы отандық кәсіпорындардың дамуы үшін қосымша экспорттық нарық қажет. Халықаралық ұйымдардың барлық ұсыныстары мен талабына сай болуымыз да маңызды.
"Сапар қорытындысы бойынша комиссия өз қорытындысын береді. Нәтижелерін күтейік. Әзірге біз ҚХР-на, атап айтқанда Үрімші мен Бейжіңге іс-сапарға дайындық үстіндеміз. Ет бағытындағы экспорттық нарықтардың ашылуын талқылау үшін көрші елдің Ауыл шаруашылығы министрімен және Бас кеден басқармасының басшылығымен кездесеміз. Ресеймен де осындай келіссөздер жоспарланған", - деп атап өтті Қарашөкеев.