Отандық фармацевтика: Қазақстанда 494 жаңа препарат шығарылады

197

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.

Отандық фармацевтика: Қазақстанда 494 жаңа препарат шығарылады Фото: ЖИ

Қазақстанда фармацевтика саласының өндіріс көлемі соңғы үш жылда 37%-ға артып, 191 млрд теңгеге жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Саладағы өсім биыл да жалғасып келеді. 2026 жылдың алғашқы алты айында елде 126,6 млрд теңгеге дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар өндірілген.

Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда шамамен 30%-ға жоғары. Қазір Қазақстанда фармацевтикалық және медициналық өнім шығаратын 209 кәсіпорын бар. Оның 43-і дәрі-дәрмек өндіреді.

Отандық өнімнің үлесі 40,3%-ға жеткен. Сонымен қатар салада сегіз ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр.

Нәтижесінде Қазақстанда бұрын өндірілмеген 494-тен астам жаңа препарат шығарылады деп жоспарланған. Олардың қатарында онкологиялық, жүрек-қантамыр, аутоиммундық, орфандық және инфекциялық ауруларға, сондай-ақ қант диабетіне арналған дәрілер бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу