Мәжілісте дәрі-дәрмек мәселелеріне арналған парламенттік тыңдауда инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбек баяндама жасап, отандық фармацевтика өнеркәсібінде жаңа өнім түрлері шығарыла бастағанын айтты, деп хабарлайды Baq.kz.
"Фармацевтика саласындағы 200 шағын кәсіпорында 3,5 мың адам жұмыс істейді. Қазақстан фармацевтикалық кәсіпорындарына толық циклды компаниялар мен рецепт өндірісі бөлімі бар дәріханалар жатады. Отандық фармацевтика өнеркәсібінде кардиологиялық, аллергияға қарсы дәрілік заттардан бастап бір реттік медициналық перчаткалар мен рентген жабдығы маскасына дейінгі қажетті жаңа өнім түрлері шығарыла бастады", – дейді Жеңіс Қасымбек.
Министрдің айтуынша, еліміздегі 10 кәсіпорын медициналық мақсатқа арналған бұйымдармен отандық денсаулық сақтау мекемелерінің сұранысын толық қамтамасыз етіп отыр. Жеңіс Қасымбек Қазақстанның ішкі тұтыну құрылымында отандық өндіріс үлесінің ақшалай құны 11%-ға жеткенін айтып өтті.
"Дегенмен, елбасының тапсырмасын орындай отырып, тегін медициналық көмектің кепілді көлемі аясында дәрілік препараттардың 50%-ы отандық өндірістен сатып алынатынын айтып өткен жөн", – дейді министр.