Отандық фирмада шетелдіктің қандай да бір үлесі болса, оған жер берілмейді

632

Отандық фирмада шетелдіктің қандай да бір үлесі болса, оған жер берілмейді

Ел үкіметі "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын парламентке енгізді, деп хабарлайды abctv.kz.

Жобаны 2016 жылы халықтың жер сатуға қарсылығынан кейін құрылған "Жер реформасы жөніндегі комиссия" әзірледі.
Жаңа заң жалға беру жүйесін толық өзгертпек. Енді аграрлық бизнес жүргізілетін жерлер әкімнің туыс-жолдасына, не билікте сөзі өтімділерге емес, тек байқауда жеңіп шыққан кәсіпкерге ұсынылады.

Кезінде Жер реформасы комиссиясына мүше болған, тәуелсіз сарапшы Мұхтар Тайжан бұл заң жобасы бойынша енді отандық фирмада шетелдіктің ең құрығанда бір пайыз үлесі болса, оған жер берілмейтінін растайды.
Фейсбук сияқты әлеуметтік желілер арқылы таратылып жатқан ақпараттарды жоққа шығарған мәжіліс депутаты Серік Сейдуманов аталған заң жобасын жалпы отырыста талқылауға парламенттің төменгі палатасы әлі кіріспегенін айтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу