Отандық ғалымдар 137 мамандық бойынша тағлымдамадан өте алады

655

"Болашақ" бағдарламасы бойынша шет мемлекетке тағлымдамаға жіберілетін ғалымдарды іріктеу жалғасып жатыр. 

Отандық ғалымдар 137 мамандық бойынша тағлымдамадан өте алады

Өтініш 28 қазанға дейін қабылданады, деп хабарлайды inbusiness.kz білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Белгілі болғандай, жетекші мамандар мемлекет есебінен әлемнің үздік жоғары оқу орындары мен ғылыми орталықтарында тағлымдамадан өтіп, бірлескен ғылыми зерттеу жүргізу мүмкіндігіне ие болады. Ғалымдар АҚШ, Ұлыбритания Германия, Жапония, Бельгия университеттерін таңдай алады. 

"Биыл біздің ғалымдар 80 мамандық бойынша академиялық оқудан және 137 мамандық бойынша тағлымдамадан өте алады", – деді білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.

Айта кетейік, шетелдің үздік жоғары оқу орындарында тағлымдамадан өтуге ниет білдірген ғалымдарды іріктеуді Халықаралық бағдарламалар орталығы жүргізіледі. Шарт бойынша тағлымдамадан өтуге ниет білдірген үміткерлердің жұмыс өтілі кем дегенде 3 жыл, оның ішінде соңғы 12 ай таңдаған мамандығы бойынша болуға тиіс. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу