Отандық ғалымдар әлемде шешімін таппаған есепті шығармақ

950

Бұл әлемде шешімін таппаған 7 есептің бірі болып саналады.  

Отандық ғалымдар әлемде шешімін таппаған есепті шығармақ

Отандық ғалымдар NP-толық есепті шешудің полиномдық алгоритмін көпшілікке ұсынуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Ғалымдардың пікірінше, есептің шешімі компьютерлік модельдеу процесіндегі кез-келген тапсырманы орындау жылдамдығын аттыруға септігін тигізеді.

Бірегей ғылыми әзірлеменің тұсаукесері биыл 7 наурызда EXPO Dubai 2020 дүниежүзілік көрмесі аясында Қазақстанның Ұлттық павильоны алаңында өтеді.

"Мыңжылдықтар есебі" әлемде әлі шешімін таппаған 7 есеп болып саналады. Бұл есептерді шешімін тапқандарға Клэй математикалық институты 1 млн доллар сыйақы тағайындаған. Осыған дейін бұл есептің бірі – Пуанкаре гипотезасын орыс математигі Григорий Перелман дәлелдей алған еді.

Қазақстандық ғалымдар NP-толық есепті шешудің алғашқы тиімді әдісіп тапқан.

"Бұл – 4 жылдық жұмыстың нәтижесі. Отандық зерттеушілер тобы NP-толық есепті шешудің полиномиалдық алгоритмін әзірлеген. Аталған ғылыми жаңалық ғалым, техника ғылымдарының докторы, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің профессоры, "Буран" ғарыш кемесінің борттық басқаруының автоматтандырылған жүйесін әзірлеушілердің бірі Бахыткерей Синчевтің басшылығымен жасалды", – деп жазылған хабарламада.

Ғалымдардың пікірінше, алгоритм кез-келген нақты әдістерге дәл нәтиже бере алады.

"Осылайша, көп энергия, уақыт және материалдық ресурстарды қажет ететін компьютерлік модельдеу саласындағы барлық мәселе тезірек шешілуі мүмкін. Ғалымдар ғылыми жаңалық экономиканың барлық саласына тың серпін береді деген пікірде. Мысалы, логистика, генетика, криптография, шифрлау, онлайн-брондау, іздеу жүйелері, дәрілік препараттарды әзірлеу және тағы басқа", – деп жазылған хабарламада.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу