Отандық ғалымдар батыстық жүйенің көлеңкесінде қала береді

867

Ғылымды дамытудағы ғалымдардың жеке рөлін, шығармашылық еркіндігін, жауапкершілігін арттыруды басты назарда ұстауымыз керек. Сенатор Бақытжан Жұмағұлов осылай деді.

Отандық ғалымдар батыстық жүйенің көлеңкесінде қала береді Фото: primeminister.kz

Оның сөзінше, Ұлттық ғылыми кеңестердің функциялары, құқықтары мен мүмкіндіктері тек заң нормаларымен ғана белгіленгенуге тиіс. 

"Бұлай болмаса, "бюрократизм" мен "жеке мүддені көздеушіліктен" арыла алмаймыз. Мұндайды тоқтату қажет. Бүгінгі таңда ғалымдардың жиі айтып жүргені де осы", – деді Бақытжан Жұмағұлов ғылым жөніндегі заң жобасының талқысында.

Сенатордың пікірінше, ғалымдардың еңбегін шетелдік басылымдарда жарияланған мақаламен ғана бағалауды қою керек.

"Осының салдарынан қомақты қаржы және ұзақ уақыт салып, ғылыми мақалаларды батыс басылымдарына "тықпалап" жариялау қалыптасты. Бұл Қазақстанның ғана емес, бүкіл посткеңестік республикалардың ғылыми идеялары мен қаржылары делдалдардың пайдасына жұмыс жасап жатыр деген сөз. Оны – ұрлаумен пара-пар деп түсінемін. Біз отандық ғылыми журналдарды есепке алмайтын болдық. Осылай өз журналдарымыздың құны кетті. Енді уақыт оздыруға болмайды. Таяу арада бұл мәселені шешкен жөн. Олай болмаған жағдайда, қазақстандық ғалымдар баяғы Кеңес одағы тұсындағы секілді батыстық жүйенің көлеңкесінде қала береді", – деді депутат.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу