Отандық ғалымдар иіссу ойлап тапты

381

Өндірістің бірінші кезеңінде 10 мың флакон шығару жоспарланған. 

Отандық ғалымдар иіссу ойлап тапты Фото: freepik

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Болашақ бағдарламасының түлектері ойлап тапқан иіссуды таныстырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Сәтбаев университетінде ашылған 2 эксперименттік зертхана бірден өз өнімімізді шығаруды бастады. Бұл – біздің отандық өнім. "Болашақ" түлегі Гүлжан Түзелбаева Францияда парфюмерия ісін оқыды. Синтетикалық химия бойынша Ph.D докторы, Ұлыбританияда оқуды бітірген "Болашақ" түлегі Ербол Сағатов екеуі бірге жұмыс істеп жатыр. Олар духи және тұрмыстық химия шығарумен айналысатын команда құрып жатыр. Біз терезеге арналған сұйықтық, сусабын және т.б. шығаруды бастадық. Биыл, олар нарыққа шығарылады", – деді Саясат Нұрбек Үкімет отырысынан кейінгі брифингте.

Министрдің дерегінше, Қазақстан жылына 300 мыңға жуық флакон импорттайды.

"Негізінен, Италия мен Франциядан әкелінеді. Өндірісіміздің бірінші кезеңінде 10 мың флакон шығарылатын болады", – деп қосты Ғылым және жоғары білім министрі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу