Қазақстандық ғалымдар сұрыптық емес картоппен және фитогениктермен экструдталған құрама жем дайындау тәсіліне патент алды, деп жазады inbusiness.kz сайты naryk.kz порталына сілтеме жасап.
"Өнертабыстың мәні мынада: сұрыпталмаған картоп 1-3 см фракцияға дейін ұсақталады, 30-50% ылғалдылыққа дейін сығылады, арпа, бидай, сұлы, тритикале, жүгері, бұршақ, жеке-жеке және бір-бірімен ұсақталған немесе тұтас түрінде араласады. Қоспаға фитогениктер 20% ащы жусан сығындысы және 10% бальзам терек бүршігі сығындысы түрінде қосылады, олар Сокслет аппаратында экстракция арқылы немесе суда алдын - ала сұйылтылған инфузия арқылы жасалады", – деді Юрий Балджи.
Алынған құрамды 15 минутқа дейін араластырылады және 150℃ дейінгі температурада экструдталады, ал түйіршікті өнімді алу үшін экструдтау 4-тен 12 мм-ге дейінгі матрицалары бар түйіршіктеу қондырғысын қолдана отырып жүзеге асырылады.
Юрий Балджи экструдталған құрама жемді дайындаудың бұл әдісі картоп қалдықтарын тиімді пайдалануға мүмкіндік беретінін, сонымен бірге жануарлардың азығын қосымша қоректік заттармен байытып, олардың өнімділігін арттыратынын атап өтті.