Бұл туралы жоғарыдағы оқу орнының Ұлттық ғылыми зертханасының кіші ғылыми қызметкері Айдана Имашева: "Зерттеу жұмысы барысында биоматериалды сақтауға арналған бекітуші ерітіндінің оңтайлы құрамы жасалды. Бұл биоматериалды тұрақтандыруға және тасымалдауға мүмкіндік береді. Ерітінді онкологиялық ауруды диагностикалау үшін жатыр мойнына жақпа ретінде пайдаланылады", – деді.
Кіші ғылыми қызметкердің айтуынша, қатерлі ісікке қарсы бекітуші ерітінді 2 жыл әзірленген. Оның сапасы дәл шетелдік препараттармен бірдей.
Бекітуші ерітіндіге патент берілген. Өнім Қазақстан Республикасының дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар тізіліміне енген.
Қанат Махамбет