Отандық ғалымдар егіс алқаптарында мажарстандық технологияны сынақтан өткізеді

1558

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов ауыл шаруашылығы алқаптарына арналған препараттар әзірлейтін мажарстандық Water&Soil компаниясының өкілдерімен кездесті.  

Отандық ғалымдар егіс алқаптарында мажарстандық технологияны сынақтан өткізеді Фото: gov.kz

Тараптар компанияның жаңа әзірлемелерін Қазақстанда қолдануды талқылады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Атап айтқанда, Water&Soil топырақтағы ылғалды сақтау үшін органикалық препарат әзірлейді.

Компания өкілдерінің айтуынша, препарат суару көлемін 40%-ға азайтуға мүмкіндік береді және өсімдіктерді құрғақ кезеңдерде де ылғалмен қамтамасыз етеді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақ Су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының қатысуымен еліміздің оңтүстік өңірлеріндегі суару алқаптарында препаратты сынақтан өткізуге келісті. Сондай-ақ, Мажарстаннан келген қонақтар Қазақстанда өз өнімдерін шығаратын зауыт ашуға ниет білдірді.

"Қазақстанның оңтүстігінде өнімділікті төмендетпей, суармалы суды үнемдеу үшін озық су үнемдеу технологияларын енгізу қажет. Осы мақсатта жетекші шетелдік компаниялармен келіссөздер жүргізілуде. Егер сынақтар сәтті өтсе, отандық шаруалар тарапынан бұл әзірлемеге үлкен сұраныс болады", - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу