Отандық ғалымдар сынақтан өткізген бидайдың жаңа сұрпы мол өнім берді

2624

Қазақ жерінде шағын ғана егін алқабынан мол астық алуға болатыны ғылыми дәлелденді.

Отандық ғалымдар сынақтан өткізген бидайдың жаңа сұрпы мол өнім берді

А.Бараев орталығының ғалымдары Ақмола облысы, Шортанды ауданының "Научный" ауылында бидайдан бір гектардан 46,5 центнер өнім алуға қол жеткізді, деп хабарлайды abctv.kz.

"Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының" қатты бидай зертханасының қызметкерлері 2018 жылы "Дамсинская 2017" сортынан 46,5 центнер өнім алды. Мұндай нәтижеге жету жолында орталық қызметкерлері бірнеше жыл жұмыс жасаған көрінеді.

Зерттеу жұмыстары 2015 жылы басталған болатын. Қорытындылары бүгін хабарланды.

Бір айта кетерлігі, жаңа сорттың ерекшелігі сол, оның төзімділігі жоғары. Еліміздің солтүстік өңірлерінде өсіруге арналған бұл сорт ауа және топырақ құрғақшылығына қыңқ етпейді, шыдайды. Минералды тыңайтқыштармен ылғалдандырған жағдайда мол өнім береді. Ол экологиялық жаздық далалық түрге жатады.

"Дамсинская 2017" сорты шикі протеин мен ақуыздылығының тұрақты құрамымен ерекшеленеді. Макарон түсі және жалпы бағалау бойынша стандартты көрсеткіштен асып түседі.

Экологиялық сұрыпты сынау бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысында да жүргізілген екен. Онда "Дамсинская 2017" әр гектардан 46,3 центнер астық берді.

Еске сала кетейік, Ақмола облысының Шортанды ауданында орналасқан А.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығында былтыр жаздық бидайдың да өнімділігі 2,5 есе артып 25,5 центнерге жетті.

Салыстыру үшін айтсақ, ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметі бойынша, өткен 2018 жылы Қазақстанда астық әр гектарынан небары 15,1 центнерден айналған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу