Отандық ғалымдар жасаған имплант қолданысқа енуі мүмкін

923

Медицина саласына қажетті импланттар шетелден алынып отыр.

Отандық ғалымдар жасаған имплант қолданысқа енуі мүмкін

Өскемендегі техникалық университеттің ғалымдары жасаған импланттар қазір клиникаға дейінгі тексеруден өтіп жатыр, деп хабарлайды 24.kz.

Бұған дейін мамандар жамбас, тізе беломыртқасының буындарына қойылатын импланттарды дайындаса, енді аяқ-қол мен ұсақ буынға қажеттілерін де жасай бастады.

Егер клиникалық тексеруден сәтті өтіп, патент берілсе, отандық ғалымдар жасаған имплант қолданысқа енбек. Нәтижесінде бағасы да біршама арзандамақ. Ал әзірше медицина саласына қажетті импланттар шетелден алынып отыр.

"Бізде жоба аяқталды. Келесі кезең – коммерцияландыру. Әрі қарай нарыққа шығару. Әрине оған сериялық қолданыс туралы айтатын болсақ, қосымша қаржы керек болады құрал-жабдықтарды сатып алу үшін",– дейді PhD докторы Бағдат Азаматов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу