Отандық ғалымдардың 46%-ы 40 жасқа толмаған

204

Ғалымдарды қолдау мақсатында гранттық конкурстар жыл сайын өткізіледі. 

Отандық ғалымдардың 46%-ы 40 жасқа толмаған Фото: BFM.ru

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ғалымдарды қолдау бағытында қандай жұмыстар қолға алынғанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Еліміздің ғылыми әлеуеті – 25,5 мың ғалым, оның 46%-ы 40 жасқа дейінгі мамандар. Ғылым саласында 425 ұйым жұмыс істейді. Енді гранттық конкурстар жыл сайын өткізіледі. Бұрын 3 жылда бір өкізілетін", – деді ведомство басшысы Үкімет отырысында.

Сонымен қатар, мемлекеттік қолдау тетіктері кеңейтілген. Атап айтқанда, постдокторанттар мен жас ғалымдарға гранттар, әзірлемелерді коммерцияландыруды қаржыландыру, іргелі институттарды тікелей қаржыландыру, шетелдік тағылымдамалар және мега-гранттар енгізілді.

"Қазір 264 ғылыми-техникалық бағдарлама, 2 361 ғылыми жоба (оның 835-і жас ғалымдарға тиесілі) және 208 коммерцияландыру жобасы қаржыландырылуда. 1 475 ғалым шетелде ғылыми тағылымдамадан өтті. Жас ғалымдарға арналған гранттық конкурстар арқылы 2 000-нан астам зерттеуші 835 жобаны жүзеге асыру мүмкіндігін алды. Министрлік қаржыландыратын әрбір жобада жас ғалымдардың үлесі кемінде 30%",  деді Саясат Нұрбек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу