Қазақстанда газ экспортының көлемі артты. Өткен жылдың 10 айында сыртқа 22 млрд текше метр табиғи газ жеткізілген. Бұл 2017 жылғы көрсеткіштен 14,5 процентке көп, деп хабарлайды 24.kz.
Импорттаушылардың көшін Ресей мен Қытай бастап тұр. Солтүстік көршіміз 7,5 млрд текше метр газ импорттаса, Қытай еліне жеткізілген газ көлемі 7 есе көп.
Ал энергетика министрлігінің соңғы деректеріне сәйкес, өткен жылы Қытайға 5 млрд 800 млн текше метр газ сатылған. Әзербайжан мен Қырғызстан елдеріне де тасымалдау көлемі артып отыр. Швейцария, Украина мен Өзбекстанға, керісінше, кеміген.
Жалпы, өткен жылғы қорытынды бойынша, ел бюджетіне 1 млрд 700 млн доллар көлемінде кіріс түсті.