Спорттық гимнастикадан Қазақстан ұлттық құрамасы кезекті әлем кубогі кезеңіне қызу дайындалуда, деп хабарлайды Olympic.kz.
12-15 наурыз күндері Әжзрбайжан астанасы Бакуде спорттық гимнастикадан лицензиялық әлем кубогі кезеңі өтеді. Аталған додаға қазақстан сапынан 5 гимнаст қатысады деп жоспарланған.
Баку жерінде Қазақстан намысын Милад Карими, Нариман Курбанов, Ілияс Азизов, Дмитрий Патанин және Фарух Набиев қорғайды.
Айта кетелік, Милад Карими 2019 жылғы әлем чемпионатында көпсайыстан Токио Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алған болатын. Сондай-ақ, Милад Австралияның Мельбурн қаласында өткен кубоктік додада бір күміс, бір қола медаль иеленді.