Отандық ірімшік өндірушілер Францияда марапатқа ие болды

240

32 елден келген қатысушылар арасынан қазақстандықтар 3 алтын, 1 күміс және 2 қола медальға қол жеткізді.  

Отандық ірімшік өндірушілер Францияда марапатқа ие болды Фото: facebook/kazembassyfr

Қазақстандық фермерлер мен ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер Францияның Тур қаласында өткен әлемдік сыр байқауы Le Mondial du Fromage-де жеңіске жетті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Алтын медальдарды көкшетаулық Эльвира Мұқашева, маңғыстаулық "Жеті лақ" фермасы және Бурабай ауданының Руслан Соколов иеленді.

Жеңістер олардың кәсіби дағдылары мен мемлекеттік гранттардың арқасында мүмкін болды.

Кәсіпкерлер өз жетістіктерін Қазақстанның агросекторындағы әлеуетінің айқын көрінісі және ұлттық өнімдерді халықаралық аренада таныту ретінде бағалады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу