Отандық IT саласындағы негізгі трендтер талқыланды

1675

Мемлекет басшысы "Алтын Қыран" компаниялар тобы бақылау кеңесінің төрағасы Исламбек Салжановты қабылдады.

Отандық IT саласындағы негізгі трендтер талқыланды

Кездесу барысында Қазақстанда кәсіпкерлікті дамыту мәселелері, сондай-ақ әлемдік және отандық IT саласындағы негізгі трендтер талқыланды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпкерлікті, соның ішінде шағын және орта бизнесті қолдау мемлекеттің экономикалық саясатындағы басымдықтардың бірі екенін атап өтті.

Исламбек Салжанов Президент бастамаларын жүзеге асыру үшін бизнестің белсенді атсалысуға әрқашан дайын екенін айтты.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу