Отандық каратэшілер Ыстамбұлда А сериясы аясындағы турнирге қатысады

769

Түркияның Ыстамбұл қаласында каратэден лицензиялық K-1 Serie-A Istanbul турнирі өтеді. Аталған сын Токио Олимпиадасына ұпай беретін жарыстар тізбегінде. 

Отандық каратэшілер Ыстамбұлда А сериясы аясындағы турнирге қатысады

Бас бапкер Жасталап Санауов Түркия төрінде сынға түсетін спортшылар есімін атады, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Ұлттық Олимпиада комитетінің тарапынан жарысқа Дархан Асаділов, Қайсар Алпысбай (екеуі де 60 келі), Дидар Әмірәлі (67 келі) және Данияр Юлдашев (84 келі) қатысады. 

Команда үздіктері саналатын Гузалия Гафурова (68 келі) мен Софья Берлуцова (+68 келі) және Игорь Чехмаревтар (84 келі) да қатарда. 

Ыстамбұлдағы турнирге Қазақстан атынан жалпы есебі 38 каратеші аттанбақ.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу