Отандық қаржы құрылымдары Қытай валютасын қарызға ала алады

860

Отандық қаржы құрылымдары Қытай валютасын қарызға ала алады

Отандық қаржы құрылымдары Қытай валютасын қарызға ала алады. Жаңа құрылым іске қосылды. Нақтырақ айтсақ, екінші деңгейлі банктер юаньді сатып алуға алдын ала келісім шарт жасасып, екі күннің ішінде есептесуі керек. Бұл  ірі кәсіпкерлерді тартудың тапсырмас  тәсілі боса керек, деп хабарлайды almaty.tv.

"Юаньмен жұмыс істейтін банктер оның бағамын алдын ала болжай алады. Сондықтан екі күннің ішінде, олар алған ақшаны ірі кәсіпкерлерге, инвестициялық жобаларға сата алады. Егер де алған қаражатты айналымға жіберіп үлгермесе, келісімді тәмамдап, қайта қосымша қаражат алуға болады", - деді "Қазақстан қор биржасы" АҚ басқарма төрағасының орынбасары   Наталья Хорошевская.

Ал юаньға деген біздің банктердің қызығушылығы да қарқынды. Соңғы сегіз айда Қазақстан қор биржасында сауда-саттық көлемі 77 миллион юаньді құраған. Бұл былтырмен салыстырғанда 59 пайызға өскендігін білдіреді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу