Елімізде орта және шағын бизнеске Үкімет тарапынан тұрақты түрде қолдау көрсетіліп жатқанын жиі айтамыз. Алайда соған қарамастан жергілікті жерлердегі кәсіпкерлер түрлі қиындықтарға тап болып жатады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.
Мәселен, Шығыс Қазақстанда көкөніс өсіретін қожалық өнімін сататын жер таппай отыр. Ал былғарыдан түрлі бұйым жасайтын кәсіпкер қажетті тері өнімдерін шет елден алуға мәжбүр.
Біздің елде соңғы жылдары тері тіпті өтпейтін болды. Төрт түлік баққан шаруалар тері комбинаттары алмайды деп шырылдайды. Тері құны көк тиын болғандықтан бұл салаға мән берілмей барады дейді кәсіпкерлер.
"Бізде жалпы тері өңдейтін зауыттарда шығаратын терісі бізге келмейді. Өйткені сапасы, технологиялық процесс дейді, ол бұрындағы совет үкіметінен қалған. Қазіргі заманауи технологиямен олар тері шығармайды", - дейді кәсіпкер Алыстан Маратов.
Ескіні ешкім алмайды. Сондықтан мұндағы бизнес өкілдері былғары өнімдерін шет елдерден алуға мәжбүр. Кәсіпкерлердің айтуынша, теріні елден шығаруға салынатын баж салығы жоғары. Нәтижесінде инвесторлар келуге құлықсыз. Бұл тері өнімдерінің дамуына кедергі. Көкеніс өсірген шаруалар да шағын бизнесті дамыту жолында кездесетін кедергілер бар деді.
"Бізде өсірген өнімімізды сататын орын жоқ. Жемістің көптеген түрін өсіреміз. Аудан орталығы Глубокое ауылынан және Өскемен қаласынан сауда орнын таппай отырмыз", - дейді кәсіпкер Руслан Ергашов.
Жергілікті жердегі бұл салаға жауапты шенділер өтініш түссе ғана қозғалатын сыңайлы.
"Бұл өтініш кәсіпкерлік бөлімге түсткен. Соны енді бірге кәсіпкерлік бөліммен бірге толықтай көмектесуге ниеттеніп отырмыз", - деді аудандық кәсіпкерлер палатасының директоры Эльвира Миябаева.
Дәл осы көкеніс өсіретін кәсіпкер бұған дейін де түрлі қиындыққа тап болған. Тіпті, быр жылдары бақшасын су басып, еккен өнімдері бүлінген еді.