Отандық кәсіпкерлікті дамыту – үздіксіз жүруі керек процесс

Бизнесті қолдау тек қана экономикалық мақсат емес, ұлттық қауіпсіздік пен әлеуметтік тұрақтылықтың кепілі саналады.

Отандық кәсіпкерлікті дамыту – үздіксіз жүруі керек процесс Фото: gov.kz

Өйткені, жергілікті кәсіпкерліктің аяғынан нық тұруы ішкі нарықты шетелдік өнімдерге тәуелді етпейді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Шыны керек, соңғы жылдары мемлекет шағын және орта кәсіпкерлікке нақты қолдау көрсетіп келеді. "Атамекен" ҰКП, "Даму" қоры, индустриялық бағдарламалар арқылы кәсіпкерлерге қаржылық және консультациялық көмек күн сайын беріліп жатыр. "Ауыл аманаты" жобасы аясында алыс-жақын елді мекендерде де кәсіпкерлік жобаларға арналған гранттар мен жеңілдетілген несиелер ұсынылуда.

Осы орайда, бизнестегі ең маңыздылардың бірі – ішкі нарықты қорғау мәселесі. Әлбетте, импортқа тәуелді салаларда отандық өндірушілерге басымдық беру, кедендік реттеу, техникалық регламенттерді қатаңдату шаралары енгізіліп жатқанынан хабардармыз. Бұл, әсіресе, азық-түлік, жеңіл өнеркәсіп және құрылыс материалдары өндірісінде өз нәтижесін бере бастады. Бұған қуану керек.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік моделі де бизнестің дамуына серпін беріп отыр. Өйткені, алыс ауылдардағы мектеп, аурухана, жол құрылысы, т.б. жобаларға жеке компаниялардың тартылуы бюджетке түсетін жүктемені азайтады, сапаны арттыруға ықпал етеді. Әрі бұл – мемлекет пен бизнес арасындағы өзара сенімнің нақты көрінісі.

Қазақстан отандық кәсіпкерлікті жүйелі қолдау, кәсіпкерлерге жүйелі көмек көрсету арқылы экономикалық тәуелсіз, бәсекеге қабілетті елге айналып келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу