Отандық кәсіпорын өнімін төмен бағамен сатуға мәжбүр

867

Отандық кәсіпорын өнімін төмен бағамен сатуға мәжбүр

Шетпедегі цемент зауытының өнімі Ираннан әкелетін құрылыс материалына бәсекелес бола алмады, деп хабарлайды 24.kz.

Тұтынушылардың импортқа сұранысын азайту үшін отандық кәсіпорын өнімін төмен бағамен сатуға мәжбүр. Алайда бұл өндіріс орнының толық қарқынмен жұмыс істеуіне кедергі.

Айта кетейік, 2014 жылы шетелдік инвестор қаражатына салынған кәсіпорында 400-ден аса адам еңбек етеді. Олардың 60 пайызы жергілікті тұрғындар.
"Ішкі нарық сұранысын толық қамту үшін жылына шамамен 550 мың тонна қажет десек, оның 220 мың тоннасы көршілес мемлекеттерден келеді. Бұл өз кезегінде инвестордың зауыт салуға кеткен шығынын қайтарып, пайда табуына кедергі келтіруде. Бізді сапасы күмәнді құрылыс тауарының сатылымға еркін түсіп жатқаны қынжылтады. Оған тосқауыл қою үшін отандық тауар бағасын үнемі төмендетіп келеміз. Былтыр кәсіпорын 800 мың тоннадан аса өнім шығарды. Оның 7 мың тоннасы Ресейге экспорталды. Жұмыс қуатын бұдан әрі көтеру сатылымнан түсетін қаржыға байланысты", - дейді зауыттың аймақтық сату жөніндегі директоры Рафаиль Күйшебаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу