Отандық кәсіпорындар мыңға жуық дәрі-дәрмек шығарады – вице-министр

887

Елдегі 89 фармацевтикалық кәсіпорын дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдар өндіруде. 

Отандық кәсіпорындар мыңға жуық дәрі-дәрмек шығарады – вице-министр

Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Аманияз Ержанов елдегі дәрі-дәрмек өндірісі жайлы айтты. 

"Мемлекетіміздің фармацевтика өнеркәсібінде 89 кәсіпорын дәрілік заттар және медициналық бұйымдар өндіруді жүзеге асыруда. Оның ішінде дәрілік заттарды 33, медициналық бұйымдарды 41 және медициналық техника өндірісінде 15 кәсіпорын жұмыс істейді. Дәрілік заттар негізінен Алматы, Шымкент және Алматы облысындағы 10 кәсіпорында, Қарағанды және Ақтөбе облысындағы бір-бір кәсіпорында өндіріледі. Отандық кәсіпорындар мыңға жуық дәрі-дәрмек шығарады. Олардың ішінде жедел респираторлық ауруларды және олардың асқынуларын емдеуге арналған, вирусқа, қабынуға қарсы дәрілік препараттар мен антибиотиктер бар", – деді Аманияз Ержанов. 

Нұржан Көшкін
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу