Отандық кеме экипажының құрамына шетелдіктер қандай жағдайда кіре алады?

170

Тиісті шарттар белгілі болды.

Отандық кеме экипажының құрамына шетелдіктер қандай жағдайда кіре алады? Фото: primeminister.kz

Көлік министрінің м.а. бұйрығымен ҚР Мемлекеттік туын көтерiп жүзетін кеме экипажының құрамына шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың кiру мүмкiндiгiнің шарттары бекітілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтерiп жүзетін кеме экипажының құрамына шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың кiру мүмкiндiгiнің шарттары айқындалды.

- шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар кеме капитаны, кеме капитанының аға көмекшісі, аға механик және радио мамандары лауазымдарына тағайындалмайды; 
- шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар кеме капитаны, капитанның аға көмекшісі және аға механик лауазымдарына тағайындалмайды.
- кемеге шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды жұмысқа қабылдау кемеде бос жұмыс орындары бар болғанда және iшкi еңбек нарығында жекелеген кәсіптер мен біліктіліктер бойынша қызметкерлерге сұранысты қанағаттандыру мүмкiндiгі болмаған кезде жүзеге асырылады; 
- Мемлекеттік туды көтеріп жүзетін кеме экипажының құрамына еңбек қызметін жүзеге асыру үшін тартылатын шетелдіктердің білім деңгейі (кәсіптік даярлығы) және еңбек өтілі ішкі су көлігі жүзу саласындағы мамандардың лауазымдарына қойылатын талаптарға сай болуға тиіс;
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтерiп жүзетін кемеге жұмысқа қабылданатын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың 073/у нысаны бойынша ішкі су саласындағы мамандар үшін денсаулық жағдайы бойынша осындай жұмысқа жарамдылығын растайтын медициналық комиссияның қорытындысы; 
- шетелдіктер үшін – жарамды шетелдік паспорт, бұл ретте Қазақстан Республикасы мемлекеттерімен келудің және болудың визасыз тәртібі туралы келісім жасалмаған шетелдіктер үшін Халықтың көші-қоны туралы заңының 6-бабына сәйкес қосымша тиісті виза болуы қажет; 
- азаматтығы жоқ адамдар үшiн – азаматтығы жоқ адамның куәлiгi немесе азаматтығы жоқ адамның құқықтық мәртебесiн растайтын, шет мемлекет берген шетелдiк паспорт болуға тиiс.

Бұйрық осы жылдың 5 қазанынан бастап қолданысқа енеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу