Отандық кино сеанстарының саны 296 мыңға дейін өсті

584

Бұл мәліметті Ұлттық статистика бюросы таратты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Отандық кино сеанстарының саны 296 мыңға дейін өсті Фото: google

"2022 жылы киносеанстарға барушылар саны 17 млн-нан асты, бір жыл ішінде көрсеткіш екі еседен астам өсті (2021 ж – 6,6 млн.). Қазақстандықтар Ұлттық фильмдер сеанстарына көбірек бара бастады. 2021 жылы отандық фильмдердің көрсетілімдерін 931 мың барушы көрді, бұл келушілердің жалпы санының 12,1%-ы болса, 2022 жылы ұлттық киноға барушылар үлесі 53,6% құрады", делінген бюро хабарламасында.

Бұл ретте өткізілген отандық кино сеанстарының саны 2021 жылғы 66 мыңнан 2022 жылы 296 мыңға дейін өсті. 

"Толық метражды фильмдерге барғандардың басым бөлігі АҚШ-та жасалған фильмдерді көрген – 7 млн бару, одан кейін қазақстандық (4,7 млн бару), ресейлік (486,1 мың бару), британдық (176,1 мың бару) және австралиялық (46,5 мың бару) фильмдер. 

Киносеанстарға баратындардың көбеюіне байланысты киносеанстарды өткізетін ұйымдардың кірісі де өсті – 2021 жылғы 13,5 млрд теңгеден 2022 жылы 26,8 млрд теңгеге дейін", делінген хабарламада.

Еске салайық, 2022 жылы Қазақстан Республикасында 105 кинотеатр жұмыс істеді, оның 4-і ауылдық жерде орналасқан. 

Сонымен қатар, Қазақстанда 67 кинематография ұйымы бар, олар өткен жылы 331 фильм түсірді, оның ішінде толықметражды фильм – 49 (2021 жылы – 340 фильм, оның ішінде толықметраждысы – 31).

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу