Отандық көлік нарығы 5%-ға өсті

449

Отандық кәсіпорындар айына 5 мыңнан астам көлік шығарады.  

Отандық көлік нарығы 5%-ға өсті Фото: primeminister.kz

Былтыр елде құрастырылған темір тұлпар саны 100 мыңнан асты. Оның ішінде барлық көлік түрі бар, деп хабарлайды inbusiness.kz "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Елде сатылған көліктердің жартысынан көбі – жол талғамайтын кроссоверлер. B, C санатындағы жеңіл көліктерге де сұраныс жоғары. Жалпы, 2022 жыл Қазақстан көлік нарығы үшін жақсы аяқталды. Өсім 5%-дан асады. Көлік өндірушілер мен ресми дилерлерді қоса алғанда елде 127 мың теміртұлпар шығарылды.

"Логистикалық тізбектің қайта құрылуы отандық көлік нарығына соққы болды. Қазақстан аумағына көлік бөлшектері мен жаңа темір тұлпарларды тасымалдауда қиындықтар туғызды. Бұл – әлемдік проблема. Дегенмен нарықтағы өсім салада даму барын көрсетеді. Мысалы, 2022 жылы біздің кәсіпорындарда бұрын өндірілмеген жаңа көлік модельдері пайда болды", - деді Қазақстан автобизнес қауымдастығының вице-президенті Анар Мақашева.

Автоөндірушілер Алматы, Қостанай және Көкшетаудағы зауыттарды жаңа компоненттермен қамтамасыз етіп, дайын өнім көлемін арттыруды көздейді. Айтпақшы, дайын өнім бағасына бірнеше фактор әсер етеді. Бұл – шикізат құны, тасымал түрі және жеткізуші компанияның ауысуы сынды мәселелер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу