Отандық көмір қай елдерге экспортталады?

565

Қазақстанның көмірі Ресейге, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Еуропа елдеріне экспортқа жіберіледі, деп жазады inbusiness.kz.

Отандық көмір қай елдерге экспортталады?

"Жалпы біздің мемлекетте жыл сайын 110 млн тонна шамасында көмір өндіріледі. Соның 28 пайызы экспортқа жіберіледі. Көбіне "Богатырь" кенінде өндірілетін көмірді экспорттаймыз. Бұл күлі көп көмір. Оны өндірістік мекемелер және жылу электр станциялары қолданады. Халық оны көбіне алмайды. Жылына "Богатырьдің" 300 мың тоннасы ғана  халыққа жолданады", – деді ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитетінің төрағасы Оспанов Ілияс Есетұлы.

Отандық көмір Ресейге, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Еуропа елдеріне жіберіледі. Бұдан бөлек биыл Еуропаға экспортталатын көмір көлемі де артып отыр.

"Еуропаға көмірдің экспорттық бағыты артты. Былтыр 14,5 млн тонна болса, биылғы 7 айда 16,2 млн тоннаны құрайды. Біріншіден, сұраныс көп. Біз қазақстандық көмірдің көпшілігін ішкі нарыққа жұмсаймыз. Одан артылған көмір экспортқа кетеді", – деді Қара металлургия және көмір өнеркәсібі басқармасының басшысы Жанат Игісінов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу