Отандық компаниялар тиімді мұнай сервистік келісімшарттарынан тыс қалып қоюда

1837

Отандық компаниялар тиімді мұнай сервистік келісімшарттарынан тыс қалып қоюда

Қазақстан мұнай сервистік компаниялар одағының бас директоры Нұрлан Жұмағұлов көптеген қазақстандық сервистік компанияның тиімді мұнай сервистік келісімшарттардан тысқары қалып қоюының негізгі себептерін саралап берді, деп хабарлайды abctv.kz.

Оның біріншісі  –тендердің жабық түрде өтуі.
"Мысалы, Қашаған, Теңіз және Қарашығанақ бойынша  тұрақтандырылған келісімшарттарды алайық. Бұл операторлардың тендер процесі жабық түрде өтетіні бәріне белгілі. Тендерге тек шақырту бойынша келген компаниялар қатысады. Ал осы үш жобаның үлесіне бір жарым триллион теңге кетеді!", – деді Нұрлан Жұмағұлов.
Екінші басты себеп – бұл қаржылық шарттың да бірдей болмауы, яғни қазақстандық сервистік компаниялардың айналымға қаражаты жетпейді.

"Қазір Теңіз компаниясы бюджеті миллиард доллардан кем болмайтын бірнеше құрылыс жұмысының тендерін өткізіп жатыр. Өздерінің бренді бар шетелдік компаниялар төменгі пайыздық несиеге қолжеткізуі мүмкін. Несие рейтингі бар, олар осыны пайдаланып шетелдік қаржы ұйымдарынан арзан несие ала алады, ал қазақстандық компанияларға тіпті отандық банктен несие алу қиын. Алған күннің өзінде, оның жылдық пайызы 15 немесе 20 болады, ал бұл олардың бәсекелесу мүмкіндігін шектейді", – деді Нұрлан Жұмағұлов.

Үшінші себеп – бұл жер қойнауын жекеменшікке алған компаниялар, олардың ішінде қытайлық мұнай өндіруші компаниялардың үстемдігі зор болып тұр.

"Бір жағынан алып қарайтын болсақ, олардың барлық сатып алулары нарық қатысушылары үшін ашық, ал басқа жағынан қарасақ, барлық ірі мердігерлікті қытайлық құрылтайшылық капиталы бар компаниялар жеңіп алуда. Тендерлік құжаттар қазақстандық компания тіпті қатыспайтындай етіп жасалады", –деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу