Отандық компаниялардың IPO-ға шығуы мұнай бағасына байланысты болады

1096

Қазақстандық компаниялардың IPO-ға шығуы мұнай бағасына байланысты болады, деп хабарлайды  Atameken Business.         

Отандық компаниялардың IPO-ға шығуы мұнай бағасына байланысты болады

Мұны Стратегиялық жоспарлау және реформалау агенттігінің төрағасы айтты. Қайрат Келімбетовтің сөзінше, қазір "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорына қарасты мекемелердің IPO-ға шығуын жеделдету мүмкіндіктері талқылануда. Қор "ҚазМұнайГаз", "Қазақстан темір жолы" және "Қазатомөнеркәсіп" сияқты компаниялардың акциялар пакетін жекешелендіруді 2022-2023 жылдарға жоспарланған. Сауда-саттық мерзімін шегеру – өткен жылдардағы баға конъюнктурасы, сондай-ақ пандемияның жаһандық рецессияға және экономиканың дамуына әсерімен байланысты. Бірақ бұған қарамастан биыл кейбір жеке компаниялар Астана Халықаралық қаржы орталығының алаңына шығуын жалғастырады деп күтілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу