Отандық легокірпіш Түркістанды шығыстық үлгіде салуға пайдаланылады

1286

Еуропалық стандартқа сай лего-кірпіш Жаңақорғанда жасалады. 

Отандық легокірпіш Түркістанды шығыстық үлгіде салуға пайдаланылады

Қызылорда облысында тұңғыш лего-кірпіш өндірісін іске қосқан кәсіпкердің өнімі нарықта жоғары сұранысқа ие. Кәсіпорын жыл басынан бері Түркістан қаласына 25 мың дана легокірпіш жеткізді.

Ресейлік соңғы үлгідегі "Рикондор" шағын зауытының матрицасын ауыстырып отырса, 150 түрлі өнім шығаруға болады. 15 тонналық қысыммен нығыздалатын өнімге Түркістан облысынан тапсырыстарға орай 15 түрлі формада әзірленуде.  Кірпіштің басты ерекшелігі – құрастырмалы әрі төзімді, шикізаты да жергілікті жерден алынады. Ақүйік тауының ірі құмы, Шалқияның жуылған май қиыршағы және оған цемент пен арнайы қоспа қосылады.

Лего-кірпіш – Еуропада жиі қолданылатын құрылыс материалы. Өте берік және тығыз. Себебі, 15 тонналық гиперпрестеуден өткен лего-кірпіштің беріктігі жоғары және тұзданбайды.

Легокірпішті шығарғанына бір жыл болған шағын кәсіпорын өткен жылы "Қазақстанның үздік тауары-2018" облыстық көрме-байқауының "Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар" аталымы бойынша жеңімпаз атанып, Нұр-Сұлтан қаласындағы "Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-байқауына қатысты.

"Таяуда Түркістанда үкімет басшысы Асқар Маминнің қатысуымен көршілес үш облыстың құрылыс тауарларының көрмесі өткізілді. Үкімет басшысы біздің тауарларға жоғары баға берді. Қазірге дейін Түркістанға 25 мың дана легокірпіш өткіздік. Әсіресе, сапалы тас төсемелеріне сұраныс жоғары. Жерге тас төсемелерінің түрлері көп. Бәрі қазақи оюланған. Тас төсемелердің жиырмаға жуық түрлерін жасай аламыз. "Қаз қалпына келтіру" компаниясы ежелгі Түркістандық құрылыс заттарына ұқсас тауарларды пайдаланбақ. Суағар, шығыс моншасына қажетті қыш тақтайшалар бар",– дейді Жомарт Шауенов.

Ескендір Ертай

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу