Отандық лоукостер Ақтау мен Ақтөбе арасында тұрақты рейс ашты

890

Ұшақ екі қала арасында 16 қазаннан бастап қатынайды.

Отандық лоукостер Ақтау мен Ақтөбе арасында тұрақты рейс ашты

FlyArystan Ақтау мен Ақтөбе арасындағы рейстерге билет сатыла бастағанын хабарлады.

Тұрақты рейстер Airbus A320 ұшақтарымен орындалатын болады. 180-орынды әуелайнерлер биылғы жылдың 16 қазанынан бастап қатынайды, әуе билетінің құны 6999 теңгеден басталады.

Рейстер аптасына 4 рет – дүйсенбі, сәрсенбі, жұма мен жексенбі күндері орындалады. Билеттер сатылымы 2021 жылдың 27 наурызына дейінгі сапарларға ашық.

 "Жыл сайын Каспий жағалауында демалуға ниет танытқандар саны артып келеді. Теңізден бөлек облысқа келушілер басқа да көрнекі жерлерін жиі тамашалап тұрады. Олардың ішінде аса қызуғушылық тудыратыны Бекет ата мешіті, Кенді баба қорымы, Бозжыра мен Саура шатқалдары және басқасы. Ақтаудың ерекшелігі – оның жайлы температурасында. Мұнда жыл бойы ауа райы жылы, сол себепті мұнда қысы-жазы демалуға болады. Ал FlyArystan қолжетімді бағаларымен Қазақстан шаһарлары арасындағы саяхаттау ешбір қиындық туғызбайды", – деп санайды әуекомпанияның қаржы директоры Әлім Шалбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу