Отандық мамандар әзербайжандық калибрлеу зертханасына баға берді

453

Бағалау 2023 жылдың 16-19 қаңтары аралығында өтті.  

Отандық мамандар әзербайжандық калибрлеу зертханасына баға берді Фото: gov.kz

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ұлттық аккредиттеу орталығына Баку қаласының (Әзербайжан Республикасы) "Optimum Metrology Services" ЖШҚ өзінің калибрлеу зертханасын акредиттеуден өткізуді сеніп тапсырды, деп жазады inbusiness.kz ҚР СИМ сілтеме жасап.

Бақылау барысында "Optimum Metrology Services" ЖШҚ зертханасы "сынақ және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын "ISO/IEC 17025 халықаралық стандартының талаптарына сәйкестігін растады.

"ҰАО 2010 жылдан бастап ILAC – зертханаларды аккредиттеу жөніндегі халықаралық ұйымның мүшесі ретінде шетелдік зертханаларды аккредиттеу құқығына ие. ILAC MRA белгісі бар зертханалар берген калибрлеу сертификаттары бүкіл әлемде тануды қамтамасыз етеді",  - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу