Отандық медициналық жоба StartX клубының құрамына кірді

581

Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин хабарлады.  

Отандық медициналық жоба StartX клубының құрамына кірді Фото: Facebook.com

Қазақстандық стартап-кәсіпкер тарихта алғаш рет Стэнфорд университетіне қарасты беделді StartX клубының құрамына кірді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Бұл – қазақстандық ІТ-индустрия үшін үлкен оқиға. Cerebra жобасының StartX-ке қабылдануы Қазақстанның озық DeepTech технологияларды шығара бастағанын дүниежүзіне әйгілейді. Аталған оқиға – қазіргі таңда CatGPT сынды жасанды интеллект түрлері дамып жатқанда, біздің қол қусырып отырмағанымыздың айқын бір көрінісі", – деп жазды министр.

Cerebra – Қазақстанда инсультті сапалы диагностикалау және осы патологиядан мүгедектік пен өлім- жітім деңгейін төмендету үшін құрылған жасанды интеллект. Ол жақында Global Startup Awards стартап-экожүйелерінің ауқымды тәуелсіз байқауының жеңімпаздарының бірі болды.

Айта кетейік, StartX – 1800-ден астам кәсіпкерлерден, салалық сарапшылардан, Стэнфорд профессорларынан тұратын қауымдастық. Ол өсу сатысында тұрған және жақсы қаржыландырылған 700-ден астам стартапты қамтиды. StartX қауымдастығына мүше компаниялардың жалпы құны 26 миллиард доллар шамасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу