Отандық мұғалім TikTok-та ең үздік контент авторларының бірі атанды

574

Мұғалім Жетісу облысында сабақ береді.

Отандық мұғалім TikTok-та ең үздік контент авторларының бірі атанды Фото: видеодан алынған кадр

Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ботагөз Омарова TikTok-тың  Discover List 2025 әлемдегі ең мықты контент жасайтын 5 автордың қатарына енді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Kursiv басылымына сілтеме жасап.

"Мұғалімдер" санатында отандасымыздан бөлек тізімде Польша, Австралия, АҚШ, Сауд Арабиясы, Кения және Ұлыбританиядан 9 блогер бар.

Discover List – әлемдегі ерекше контен жасайтын авторлардың еңбегін атап көрсетуге арналған TikTok-тың арнайы жобасы. 2025 жылы Discover List тізіміне мұғалімдер, аспаздар, иконалар, инноваторлар мен музыканттар енді.

Орыс тілі пәнінің мұғалімі Ботагөз Омарова (@botagozomarova2) Жетісу облысы Алакөл ауданына қарасты Достық ауылында тұрады. Ол білім беру контентін дамытуға қосқан үлесін үшін осы тізімге еніп отыр.

Ұстаз өз контентінде креатив, әзіл, оқытуға қатысты тың тәсілді пайдаланады. көзқарас ұсынады. Сөзінше, ол әрдайым білім алу мен тіл үйренудің қызықты процесс екенін көрсетуге басымдық береді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу