Отандық мұнай өңдеу зауыттары Jet A-1 авиаотынын өндіруге ниетті

382

Астана және Алматы халықаралық әуежайларының алаңдарында өткен жиындарда Қазақстан авиация саласының Jet A-1 маркалы авиаотынын пайдалануға дайындық барысы талқыланды.    

Отандық мұнай өңдеу зауыттары Jet A-1 авиаотынын өндіруге ниетті Фото: sibru.com

Қатысушылар Jet A-1 авиаотынын пайдалану мәселелері бойынша өзара іс-қимыл барысын сөз етті, деп жазады inbusiness.kz.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың азаматтық авиацияны дамыту және халықаралық әуе қатынасында ұшу географиясын ұлғайту туралы тапсырмасының стратегиялық маңызы атап өтілді.

Республикалық деңгейде өткен жиынрға ҚР Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитеті (ААК), ҚР Энергетика министрлігі және "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ (ҚМГ), "Самұрық-Қазына" АҚ өкілдері, ҚМГ-ге қарасты мұнай өңдеу зауыттарының, "ҚазМұнайГаз-Аэро" ЖШС, Астана және Алматы әуежайларының, отандық жетекші әуекомпаниялардың және логистикалық тасымалдаушы мекемелердің басшылары қатысты. Сондай-ақ кездесулерге Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA), швейцариялық SGS зертханасының (сараптама және сертификаттау саласында әлемдегі көшбасшы, ҚМГ зауыттарында зертханалары бар), сондай-ақ JIG халықаралық қауымдастығының (Joint Inspection Group) сарапшылары қатысты.

ҚР ЭМ Мұнайды тасымалдау және мұнай өңдеу департаментінің директоры Дәулет Арықбаев қазақстандық МӨЗ жаңғыртудан кейін 2020-2023 жылдары ТС-1 авиаотын өндіруді жылына 438,2 мың тоннадан 624 мың тоннаға дейін ұлғайтқанын атап өтті.

Қазіргі уақытта жаңғыртылған Атырау, Павлодар және Шымкент МӨЗ айына 50-55 мың тонна көлемінде ТС-1/РТ орнына Jet-A1 шығаруға дайын.

Тасымалдау және тұтыну инфрақұрылымы дайын болған жағдайда МӨЗ Jet-A1 өндірісіне кезең-кезеңімен көшуі басталады. Jet-A1 өндірісіне кезең-кезеңімен көшуі басталады. Көлік министрлігі осыған дейін әуежайлардың мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, Jet A-1 жанармайына біртіндеп ауысу туралы шешім қабылдаған болатын.

Алматы әуежайы өкілдерінің айтуынша, кәсіпорын жанармай құю кешенін жаңғыртып жатыр және 2024 жылдың маусымына қарай ASTM D1655 әлемдік стандартына сай шығарылатын авиаотынды пайдалануға толық көшуді жоспарлап отыр.

ҚазМұнайГаз өкілдері мұнай өңдеу зауыттарының әлемнің 70-тен астам елінде қолданылатын халықаралық Jet A-1 маркалы авиаотынын шығаруға дайын екенін атап өтті. ҚМГ сарапшылары Jet A-1 авиаотынын өндіру үшін зауыттың тиісті қуатын толық қайта өзгерту керек деп түсіндірді. Өйткені зауыттар екі отын түрін, яғни ТС-1 маркасын қатар шығара алмайды деген пікірде.

 Ақпарат үшін:

Jet A-1 — IATA стандарттарына сай жанармай түрі. Сондықтан бұл отын түріне ауысу үшін өндірістен бастап ұшақтың бактарына отын құюға дейін халықаралық сапа бақылауы енгізіледі. Бұған сапаға жүргізілетін қатаң сынақтармен қоса (мысалы, ҚМГ МӨЗ-де авиаотынның әрбір партиясын халықаралық сертификаттау), жеткізілуі мен тасылмалы мұқият бақыланады. Бұл операциялардың барлығы қауіпсіздік пен сапа талаптарының халықаралық JIG стандарттарымен реттеледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу