Қазақстандық музыка авторлары мен өзге де құқық иеленушілері үшін бірыңғай цифрлық платформа енгізу мәселесі пысықталып жатыр. Бұл туралы Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"2024 жылғы күзде қазақстандық музыканы Meta платформаларынан алып тастау оқиғасы ұжымдық басқару саласындағы кемшіліктерді айқын көрсетті. Көптеген танымал авторлар мен орындаушылар өздерінің осы платформадағы шығармалары үшін сыйақы алмағандары туралы шағымданды", – Әділет министрі Үкімет отырысында.
Ерлан Сәрсембаевтың сөзінше, бұл саланы цифрландыру қажет.
"Авторлар мен өзге де құқық иеленушілерге барлық кезеңді, яғни келісім-шарт жасаудан бастап сыйақы жинау, бөлу және төлеуге дейін онлайн форматта қадағалауын мүмкіндігін беру жоспарланып отыр. Жалпы жасанды интеллект элементтері бар цифрлық платформаны енгізу мәселесі пысықталуда. Атап айтқанда, талдау және есептілік жүйесін енгізу тіркелген зияткерлік меншік объектілері бойынша іздеу жүйелерін жетілдіру, авторлар мен құқық иеленушілерге арналған мобильді қосымшаны әзірлеу, мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдардың ақпараттық жүйелерімен интеграцияны кеңейту", – деді ведомство басшысы.
Айта кету керек, осыған дейін Instagram желісіне қазақ әндерін қайтару мәселесі әлі шешілмегенін жазғанбыз.