"Тамақ, Халал өнімдері және қызметтердің азық-түлік қауіпсіздігі" 101 Техникалық комитеті ҚР СИМ ТРМК ҚазСтандартпен бірлесіп ТМД елдері қолданатын ГОСТ стандарттарын әзірлеуде, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚазСтандарт мәліметіне сүйеніп.
"Бұрын ТМД елдері арасындағы Халал өнімдерінің өндірісі мен айналымы біріздендірілмеген стандарттарды қиындатты. Яғни Халал өнімдерін сату кезінде өндірушілер импорт елінде растау рәсімін қайта жүргізуге мәжбүр болды және бұл үшін қосымша уақыт пен ресурстар жұмсалады. Біз әзірлеген стандарттар қолданысқа енгізілгеннен бері, бұл рәсімдерден өтпеуге болады", – дейді "Тамақ, Халал өнімдері және қызметтердің азық-түлік қауіпсіздігі" 101 Техникалық комитетінің төрағасы.
Халал өнімдерін өндіру тамақ индустриясының перспективалы және тез дамып жатқан салаларының бірі.