Отандық өндірушілер "Жайлы мектеп" жобасына қатысады

623

Отандық тауар өндірушілердің 400-ге жуығы мектеп құрылысына қажетті тас өнімдерін толығымен қамтамасыз етеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Отандық өндірушілер "Жайлы мектеп" жобасына қатысады Фото: zhasalash.kz

Ұлттық палата алаңында өткен презентация кезінде кәсіпкерлер кәсіпорандарының мүмкіндіктері туралы айтып, гранит, травертин, мәрмәр сияқты өнімдерін таныстырды.

"Атамекен" ҚР ҰКП атқарушы хатшысы, басқарма мүшесі Нұрлан Сақуовтың айтуынша, отандық өндірушілер мемлекеттік сатып алу процессіне қатысқанда бірқатар кедергілерге тап болады.

"Көп жағдайда отандық тауар өндірушілер көлемді алдын ала білмейді, сондықтан оларға бәсекеге түсу қиын. Бұл процесте баға саясаты маңызды рөл атқарады, себебі сатып алу шарттарының бірі - ең төмен баға. Мемлекет басшысы мұндай тәсіл дұрыс емес екенін айтқан еді, сондықтан қазір мемлекеттік сатып алу туралы заң әзірленіп жатыр", - деді Нұрлан Сақуов.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу