Отандық өндірушілерді қолдайтын боламыз – Үкімет басшысы

204

Импортты алмастыру жұмыстары туралы мәселе қозғалды. 

Отандық өндірушілерді қолдайтын боламыз – Үкімет басшысы Фото: Үкімет

Үкімет экономикалық патриотизм қағидатын қатаң ұстанады. Бұл туралы Премьер-Министр Олжас Бектенов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Біз қашан да өзіміздің отандық өндірушілерді қолдайтын боламыз. Бұл – әрбір әкімнің, әрбір министрдің міндеті. Біз бұл жайлы үнемі айтып жүреміз. Ол тек сөз жүзінде ғана емес, нақты іс жүзінде орындалуға тиіс. Импортты алмастыру жұмыстарын, оның ішінде офтейк-келісімшарттар арқылы жандандыра түсу қажет. Бұл отандық компанияларға өздерін алдағы бірнеше жыл бойына тапсырыстармен қамтамасыз етуге, жаңа өндірістерді кеңейтуге және игеруге мүмкіндік береді", - деді Үкімет басшысы.

Олжас Бектенов мемлекеттік сатып алу шеңберінде тек қана жергілікті өндірушілерден сатып алынатын отандық тауарлардың тізбесі айқындалғанын жеткізді.

"Ірі мұнай-газ жобаларындағы негізгі жер қойнауын пайдаланушылар қазірдің өзінде отандық тауар өндірушілермен жалпы құны 240 млн долларды құрайтын келісімшарттарға қол қойды", - деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу