Отандық өндірушілерді қолдаудың механизмі әзірленді

674

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов үкімет отырысында өнеркәсіп орындарында жергілікті қамту үлесін арттыру мақсатында нысаналы индикатор (KPI) енгізілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Отандық өндірушілерді қолдаудың механизмі әзірленді Фото: 365info.kz

"Мемлекеттік сатып алуда жергілікті қамту үлесін арттыру мақсатында отандық өнеркәсіп саласында нысаналы индикатор белгіленіп, енгізілді. Атап айтқанда, 2021 жылға арналған жергілікті қамтудың орташа үлесі мынадай: құрылыс материалдарын өндіру бойынша – 77,3%, жиһаз өндірісінде – 68,5%, жеңіл өнеркәсіпте – 65,5%, целлюлоза-қағаз саласында – 53,7%, химияда – 36,2%, фармацевтикада – 32,3% және машина жасауда – 19,5%-ды құрайды", – деді министр. 

Бейбіт Атамқұловтың айтуынша, ұлттық экономиканы дамыту стратегиясын іске асыру аясында отандық өндірушілерді қолдау үшін министрлік жүйелі шаралар кешенін қабылдап жатыр.

"Бүгінге дейін халықаралық міндеттемелерге сәйкес, отандық өндірушілерді қолдаудың механизмі әзірленді. Жаңа шара ішкі нарықты қамтамасыз ету мен ұзақ мерзімді тапсырысты орындауға бағытталған. Шара шеңберінде  министрлік нарықтағы субъектілердің сатып алу жүйесіне мониторинг жүргізді", – деді министр.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу