Отандық өндірушілердің бірыңғай реестрі жасалады

199

Онда отандық тауар өндірушілер туралы ақпарат жинақталады.

Отандық өндірушілердің бірыңғай реестрі жасалады Фото: gov.kz

Осы жылдың соңына дейін бірыңғай реестрді іске қосу бойынша жұмыстарды толық аяқтау көзделіп отыр. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Бүгінде отандық өндірушілердің бірыңғай реестрін жинақтау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Реестрде отандық тауар өндірушілер туралы ақпарат, оның ішінде шығарылатын өнім және оның көлемі, көрсетілетін қызмет түрлері және қызметкерлер саны туралы толық мәлімет қамтылатын болады.

Реестрге енгізілген субъектілер мемлекеттік қолдау шараларына, сонымен қатар, мемлекеттік, квазимемлекеттік және жер қойнауын пайдаланушы компаниялардың сатып алуларына қатыса алады", - деді Қанат Шарлапаев.

Министр реестрге енгізілген өндірушілерге локализациялауды арттыру шарты қойылатынын баса айтты.

Жыл соңына дейін реестрді іске қосу бойынша жұмыстарды толық аяқтау көзделіп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу