Отандық өндірушілердің халықаралық сертификаттаудан өтуді өтеу шегі ұлғайды

72

Отандық тауар өндірушілерді ілгерілетуге бағытталған мемлекеттік қолдау шараларының қағидаларына өзгерістер енгізілді.    

Отандық өндірушілердің халықаралық сертификаттаудан өтуді өтеу шегі ұлғайды Фото: kalitebelgesi.com

Энергетика министрлігі мен "Мұнай-газ машина жасау саласын дамытуға арналған халықаралық орталық" бірлесіп, ірі мұнай-газ жобаларындағы жергілікті қамтуды ұлғайту жұмысын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Енді отандық өндірушілердің халықаралық сертификаттаудан өтуді өтеу шегі 3000 АЕК-тен 15 000 АЕК-ке дейін өсірілді. Бағдарламаның жалпы бюджеті 2 млрд теңгеден асады. Бұл шаралар шығындарды 60 млн теңгеге дейін өтеуге мүмкіндік береді", – делінген хабарламада.

Қосымша қолдау бизнеске түсетін қаржылық ауыртпалықты азайтып, сертификаттау кезіндегі тәуекелдерді төмендетеді.

Халықаралық сертификаттарға ие болу отандық өндірушілерге мұнай-газ операторларының сатып алуларына кеңірек қатысуға жол ашады. Сондай-ақ, бұл бастама экспортты ұлғайтуға және импортқа тәуелділікті азайтуға ықпал етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу