Отандық өндірушілермен жасалатын офтейк келісім-шарт үлесін 10%-ға жеткізу керек – Тоқаев

644

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялап жатыр, деп жазады inbusiness.kz.

Отандық өндірушілермен жасалатын офтейк келісім-шарт үлесін 10%-ға жеткізу керек – Тоқаев Фото: inbusiness.kz

Президент отандық шикізатты, тауарлар мен кадрларды, барлық ішкі мүмкіндіктерімізді пайдалану қажеттігі туралы баса айтты. 

"Біз жаңа өнеркәсіп саясаты арқылы жаңаша даму үлгісіне көшуге тиіспіз. Мемлекет ірі кәсіпорындармен бірлесіп, өндірістің барлық сатысы өз елімізде болуын қамтамасыз етуі керек. Ол үшін өндіріс саласын реттейтін және ынталандыратын түрлі тәсілдерді қолдану қажет. Өңдеу өнеркәсібі шикізатты көңілге қонымды бағамен жеткілікті көлемде алуы керек. Сонымен бірге реттелетін сатып алу кезіндегі өз тауарларымыздың үлесін арттыру және офтейк жүйесін толық іске қосу қажет", - деді Президент Жолдауында. 

Еліміздегі өнім өндірушілермен жасалатын офтейк келісім-шарттардың үлесін кемінде 10 пайызға жеткізу керек, деп жалғастырды ол.

"Бұл – жыл сайын 2 триллион теңге деген сөз", - деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кету керек, Жолдаудың трансляциясын "Atameken Business" телеарнасынан көре аласыздар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу