Депутаттар қазақстандық тауарларды қолдамайтын супермаркеттерге қатысты шара қолдануды ұсынып отыр. Сенат отырысында қазақстандық және шетелдік тауар өндірушілерге тең мүмкіндік беру мәселесі көтерілді, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Палата спикері Мәулен Әшімбаев супермаркеттер әлі де импортқа басымдық беретінін айтады.
"Біз бұл мәселені бұған дейін де көтердік. Сауда желілері қазақстандық кәсіпкерлерден қосымша төлем талап етуде. Оны импорттаушылардың "қалтасы көтере алады", ал біздің ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің бұған шамасы жетпейді. Сондықтан олардың тауарының құны жоғары", – деді Сенат спикері.
Бұл ретте Мәулен Әшімбаев министрлер кабинетінен осы бағыттағы жұмыстардың нақты нәтижелерін ұсынуды талап етті.