Сот гипермаркет иесінің ісін заңсыз деп танып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 201-бабы бойынша жауапкершілікке тартып, 100 АЕК (369 200 теңге) көлемінде айыппұл салды.
Гипермаркет әкімшілігі бұл шешіммен келіспей, Ақтау қалалық сотына шағымданған. Алғашында қалалық сот істі гипермаркет әкімшілігінің пайдасына шешіп, өңірлік сауда департаментінің қаулысының күшін жойған.
Дегенмен Ақтау қаласының прокуроры Ерболат Әбдіров сот шешіміне келіспей, жоғары инстанцияға шағым қалдырған.
Прокурор тауарды жеткізу шартын жасасудан жалтарып, істі қасақана созған сауда субъектісінің әрекетінде құқық бұзушылық құрамы бар деп тапқан.
Өңірлік сауда департаментінің басшысы Рауан Мұханов азық-түліктің 85%-ы сырттан келетін өңірде отандық өндірушілерді қолдаудың маңыздылығын ерекше атап өтті.
Сондай-ақ ол ережеге сай сауда сөрелерінің кемінде 30%-ына отандық өнім өндірушілердің тауарын орналастыру қажет екенін еске салды.