Отандық продюсерлік компания Джеки Чанмен бірлескен жобаны жүзеге асырып жатыр

187

Қазақстандық компания сериалдар мен фильмдер түсірумен айналысады. 

Отандық продюсерлік компания Джеки Чанмен бірлескен жобаны жүзеге асырып жатыр Фото: РБК

Salem Entertainment диджитал-медиа компаниясының бас директоры Игорь Цай Үкімет отырысында халықаралық киножобалар іске асырылып жатқанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты

Бұл компания – Алматыда меншікті интернет арналары мен продакшн-студиялардың иесі.

"Біз сериалдар шығаруға басымдық береміз. Жылына 12-ден астам телехикая мен 4 толықметражды фильм түсіреміз. Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен, сондай-ақ "Қазақтелеком" және TV+ диджитал-медиа брендімен серіктестікте біздің компания 700 мың ақылы жазылушыға қол жеткіздік. Біз YouTube-пен жұмыс істеп, жылына 400 миллионнан астам қаралым жинаймыз. Биыл америкалық Оскар жеңіп алған продюсерлермен, Джеки Чанмен бірлескен ко-продакшн жобалар іске қосылды, сондай-ақ жасанды интеллект технологияларына негізделген контент жасау бойынша Тимур Бекмамбетовпен бірегей жоба қолға алынды", - деді Игорь Цай.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу